Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокуратура Қазақстан әскеріндегі әлімжеттікке қатысты жауап берді (видео)

Еліміздегі әскери бас прокуратура өкілі Еркін Қожа Ахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан әскерінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Аталған видеоларда әскери қызметкерлер сарбаздарға “хат” оқытып, артынша ұрып-соққан сәттері таспаланған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Соңғы уақытта Facebook желісін әскерде түсірілген бір видео шарлап жүр. Аталған видео 2009 жылы Ақтау гарнизондарының бірінде түсіріліп, 2012 жылы YouTube желісіне жүктелген. Мұнымен қатар, жас сарбаздарға әлімжеттік көрсеткендер сол кезде жазаланған болатын. Қоғамды дәл қазір әскерде мұндай тәртіпсіздік жоғына сендіргім келеді.

Ескертеміз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Осы тәртіпсіздіктің арқасында біз бұл мәселені қолға алғанбыз. Арада түсініспеушілік болмас үшін видеоға қатысты ақпаратты алдын ала біліп алып, кейін ғана жариялауларыңызды сұраймыз. Бұдан өзге дәл осындай тәртіпсіздіктер туралы жиі хабарлайтын адамдарға ерекше алғыс білдіргім келеді. Алдағы уақытта әскери бас прокуратура БАҚ-ты қатаң бақылауға алатын болады. Құқық бұзушылар міндетті түрде жазаланады”, – дейді Еркін Қожа Ахмет.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

Қазақстан үкіметі Парижде 65 млн евроға пәтер сатып алды

Қазақстанда бұдан былай АИ-80 бензині сатылмайтын болды

Қазақстанның бес азаматы Сириядан шығарылды (видео)

Талқылау