Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прокуратура Әубәкіровтың өліміне күдіктінің есімін айтты

Прокуратура Ерасылдың өліміне қатысты ұсталғандардың прокуратура қызметкері еместігін мәлімдеді.

оооо

Сурет әлеуметтік желіден алынды

«БАҚ өкілдері Астанада табылған студенттің денесі жайлы ақпарат таратқан болатын. Сондай-ақ, оны өлтіргендердің біреуі прокуратураның бұрынғы қызметшісі екенін айтқан еді. Осыған қатысты, қала прокуратурасы ұсталған Нұржан Әжімбайдың 1994 жылы туылғанын, оның 2015 жылдың 29 шілдесі мен 31 желтоқсан аралығында қоныстандыру бағдарламасы аясында Сарыарқа ауданына Астананың әлеуметтік бағдарламасы жұмыс басқармасына техникалық жұмыс атқарушы болып жіберілгенін мәлімдейді. Жалақысы жұмыс басқармасынан беріліп тұрған»,- дейді прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, 23 жастағы астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар 3 ақпанда тараған. Бір аптадан кейін балгердің көмегімен Ерасылдың өлі денесі қар астынан табылды. Дәл қазір өліміне қатысы бар деген 3 күдікті ұсталып отыр.

Талқылау