Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шенеуніктер миллиондаған адамды ХҚКО-ға бекерге жұмсап келген

Енді мемлекеттік органдар азаматтардан өздері сұрайтындықтан, сотталмағаны туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігі туындамайды.

619e8041ad7d0e30345102cf34d76d5f2

Бас прокуратураның арнайы есеп және құқықтық статистика комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің сөзінше, бүгінгі күннен бастап азаматтар сотталмағаны туралы анықтаманы жаңа форматта ала алады. Негізінде еңбек заңдылығы бойынша азаматтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы жұмысқа қабылдау кезінде оған шектеу бола алмайды. Егер адам жазасын өтеген болса, онда оған ешкім қайтадан айып тағуға құқылы емес.

“Ол жазасын өтеген. Еңбек нарығындағы шектеулер бар, бұл бала тәрбиесі, білім саласы және құқық қорғау органдарына қатысты. Басқа салаларда жұмысқа қабылдау кезінде оның сотталғаны еш шектеу болмайды. Сол себепті формат өзгертілді. Адамдарды анда-мында сандалтудың қажеттілігі жоқ. Қазіргі таңда 4,5 миллиондай адам сол анықтама үшін ХҚКО-ға барған. Егер адам жазасын өтеген болса, онда ол ақпарат анықтамаға жазылмайды”, – деді Мусин.

Бүгінгі күнге дейін сотталмағаны туралы анықтамда азаматтың барлық қылмыстық жауапкершіліктері көрсетілетін, енді бұл құжат жазаның өтелгендігі негізінде жаңа сипат алмақ.

“Барлық жұмыс берушілер сол анықтаманы талап етіп жатады. Сосын адамдар анықтама алу үшін сабылады. Ал заң бойынша олай талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Бұл тек қосымша ақпарат ғана. Тек олар адамның өзінен сұраса жетіп жатыр”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Талқылау