Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды

Тимур Жақсылықов президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Тимур Жақсылықов

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», – делінген елбасының жарлығында.

Тимур Жақсылықов 1968 жылы туған. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тарихшы мамандығы бойынша оқыды. Сонымен қатар 1997 жылы Францияның Страсбург қаласында саяси зерттеулер институтының магистратурасын бітірді.

2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау