Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президенттікке үміткерлер бір-біріне "ыңғайсыз" сұрақтар қоя ала ма? Абаев жауап берді

Қазақстан президенттігіне үміткерлер теледебатта бір-бірімен пікір таластыруы мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үкімет отырысынан кейінгі кулуарда мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Сурет: ortcom.kz

«Менің білуімше, теледебаттар болатын секілді және тікелей эфиирде өтуі мүмкін», - деді министр. 

БАҚ өкілдері министрден теледебат кезінде «ыңғайсыз», өткір сұрақтар қойыла ма деп сұрады. 

«Теледебаттарда кандидаттар өз араларында пікір таластырады. Толығырақ білетін боласыздар», - деп жауап берді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті адам түсіп отыр. Олар: Қазақстан халық коммунистік партиясынан Жамбыл Ахметбеков, "Ақ жол" партиясынан Дания Еспаева, "Ұлт тағдыры" қозғалысынан Әміржан Қосанов, "Ауыл" партиясынан Төлеутай Рахымбеков, Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан Амангелді Таспихов, Nur Otan партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев және "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен Сәдібек Түгел.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр