Президенттік сайлау Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасына қалай әсер етеді?

Сейсенбі, 17 Қазан , 2017 9:30

Қырғызстанда алғаш рет ашық сайлау өтіп, билік ерікті түрде өзге кандидаттың қолына табысталды. Бұл жолғы кандидаттардың көпшілігі кезінде елдегі революцияға ашық қатынасқандар. Ең маңыздысы бұл сайлау мен сайлау нәтижесінің Қазақстанға қандай әсері болады деген сауал.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қырғызстан конституциясы бойынша жаңа президент Сооронбай Жээнбековтың инауграциясы 4 желтоқсанға дейін өтуі тиіс. Әрине, егер өзге кандидаттар сайлау нәтижесіне қарсы шықпаса. Дегенмен Жээнбековке басты қарсыласы Өмірбек Бабанов кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, сайлау нәтижесін мойындайтынын айтты. Ендігі мәселе Қазақстан мен Қырғызстанның ара-қатынасы туралы болмақ. Алмазбек Атамбаевтың бір емес бірнеше рет Қазақстанға қарата айтқан айыптауларынан кейін екі ел арасында түсінбеушілік туындап, шекарадағы жағдай мәселені тіптен шиленістіре түскен. Ал сайланған президент Жээнбеков өз кезегінде “Қазақстанға құрметпен қарайтынын” жеткізді.

Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша Қырғызстанға қатысты қатынас екі нұсқада өрбуі мүмкін. Біріншісі – жаңа президент басты назарды Өзбекстанға бұрып, тығыз қарым-қатынас орнатады. Ондай жағдайда Қазақстан екінші кезекке түсіп қалмақ.

“Екінші нұсқа Бішкек бәрін басынан бастауға тырысады. Яғни, жаңа президент Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қазіргі асқынған жағдайды төмендетуге талаптанады. Негізінде бұл бәрі үшін де ыңғайлы жол. Астанаға да. Егер елде саяси тұрақтылық сақталса, көршілермен қарым-қатынас ойдағыдай болса, бәрі жақсы болмақ”, – дейді ол.

Саясаттанушыларды қызықтыратын тағы бір сауал – елдің бесінші президенті мен болашақ премьер-министр арасындағы қарым-қатынас қалай өрбитіні. Себебі ел конституциясы бойынша министрлер кабинетінің басшысының өкілеттілігі кеңейтілген. Ал ол орынтаққа басқарушы партияның да, тиісінше оппозициялық партияның да өкілі жайғасуы мүмкін.

Ал саясаттанушы Асқар Нұрша Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Сооронбай Жээнбеков пен Алмазбек Атамбаев арасындағы жанжал туындауы мүмкін депті.

“Бюрократиялық көзқарастарға сәйкес, Жээнбеков қандай да бір жаңа сипаттағы көшбасшылықты қолға алып, Қырғызстанның жан-жағындағы елдермен, әсіресе көрші мемлекеттермен құрылымдық байланыстар орнатуға қызығушылық танытары сөзсіз. Ал, егер Атамбаев өзінің бүгінгідей қылығын тоқтатпайтын болса, ол Жээнбековтің аяғына белгілі дәрежеде “тұсау” болары анық”, – дейді ол.

Еске салсақ, Қырғызстандағы Президент сайлауы 15 қазанда өтті. 16 қазандағы мәліметтерге сәйкес, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 52,55% дауысына ие болып, жеңіске жетті.

Бұған дейін Жээнбеков те Қазақстан және Назарбаев туралы өз ойымен бөліскен болатын.

Тағы да оқыңыз:

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар