Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президентті төл мерекесімен жақсы құттықтаған 20 ШҚО тұрғынына смартфон сыйға беріледі

Өскеменде ІТ-мамандар Тұңғыш Президент күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысын білдіруге мүмкіндік беретін www.KZ1.kz сайтын іске қосты. Бұл туралы брифинг барысында ІТ-мамандардың Шығыс Қазақстан облыстық қауымдастығының өкілі Денис Соколов айтты.

фото

«Біз әркім өзінің алғысын білдіріп, жағымды эмоцияларымен бөлісе алатын сайтты іске қостық. Мұнда 120 символға дейінгі хабарламаны енгізуге болады. Бұл ІТ-акцияның мәні – біздің Көшбасшымызға, мақтан ететін Мемлекет басшымызға алғысымызды білдіру. ІТ-акцияны жүргізу барысында біз сайт қолданушылары арасында 20 смартфонды ұтысқа тігеміз», – дейді Денис.

Тілек білдіріп, смарфтон ұтысына қатысу үшін, өз ұялы телефоныңның нөмірін қалдыру керек. «Біздің Президентімізге – біздің құттықтауларымыз» акциясының қорытындылары 1 желтоқсан күні Өскемендегі Қазақстан Республикасы алаңында кездейсоқ сандарды анықтаумен шығарылады.

Қазіргі кезде сайтта өңір тұрғындарынан 874 215 тілек қалдырылған, оның саны сағат сайын өсуде.

Талқылау