Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президентпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Астанадағы келіссөздер Сириядағы соғыс отының саябырлауына сеп болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада шетелдік дипломаттармен кездесуінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.

Кезедесуге жеті мемлекет елшілерінің ауысып, қызметтеріне кірісуі себеп. Олардың қатарында Ауғанстан, Польша, Канада, Финляндия, Бельгия, Франция және Эстонияның елшілері бар. Назарбаевқа өз президенттерінің сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсіміне келген дипломаттар қызыл кілеммен жүріп, көк байраққа ерекше құрмет көрсетті. Алғаш болып грамота табыстаған Эстония елшісі сәлем сөзін қазақша бастады.

-Төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындалу туралы сенімхатты ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Дипломаттың қазақ тіліне деген құрметін президент жылы қабылдап, қалжың алмасып, естілікке суретке түсті.

“Бүгін сіздер үшін еңбек жолдарыңыздың жаңа кезеңі басталып отыр. Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыз табысты болады деп сенемін. Сіздер біздің ел тарихындағы жаңа дәуірге куә боласыздар. Біз Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруға кірістік. Рухани жаңғыру атты ауқымды бағдарлама, әрбір азамат үшін ерекше мәнге ие болады”, – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Осындай жауап бола ма?: Нығматулин қаржы министріне шүйлікті

Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды айтып берді

Мәжіліс төрағасы министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Талқылау