Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев байларды “Лондондық қашқындарға” айналмауға шақырды

Президент  барлық халықты,  жасырын кәсібі мен жылжымайтын мүлкі барларды оны заңдастыруға шақырды.

parliament house london

“Мүлікті жекешелендіру мен заңдастыру жаңа толқыны – қазақстандықтарды қылмыстық іске бармауы үшін, Лондонда тыққан байлығына бола оларды қашқын миллиардерлерге айналдырмау үшін керек”,- деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

“Мен мұның барлығын, сіздердің ақшаларының керек болған соң айтып жатқан жоқпын. Біз өз адамдарымызды қылмыстық іске ұрындырғымыз келмейді. Олардан Лондонда, басқа да шетелдерде тығылып жүргендер сияқты қашқындар жасағымыз келмейді. Осы уақытұа дейін ондайдың бәрін көрдік. Алғашқы табыс қоры үнемі маңдай термен келе бермейді, солай ғой?”- деп мойындады елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күнгі Қазақстан халқына жолдауында.

Ол мүлкін заңдастыруды әлі де ойлап жүргендерді осы мүмкіндікі пайдаланып, заңдастыруға шақырды. 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей кіріс пен шығыс деклорациясы күшіне енетін болады. “Осыдан кейін, қай жерде болмасын актив есептерінің ашылуын тексеретін шаралар ұйымдастырылады”, – деп ескертті елбасы.

Сондай-ақ, мүлкін заңдастырмаған әрекеттерді білген жағдайда Қазақстанда, сондай-ақ, ЭЫДҰ-да жауап беретін болады.

“Біз сіздерді адалдыққа, ақшаларыңызды әкеп жекешелендіруге, сіздерді қазақстандық активтер жасауға мүмкіндік беріп отырмыз. Осы уақытқа дейін жиған-тергендеріңізді қайтарып, тыныш ұйықтап, тыныш өмір сүруге үндеп отырмыз”,- деді президент.

Талқылау