Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есімов президентке “ЭКСПО-ны жамандайтындар азайды” деп мақтанды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ЭКСПО-ның дайындық барысымен танысып, Үкімет мүшелері мен Астананың әкімін біршама сынға алды. Өйткені, атқарылмаған, олардың көзіне түспеген шаруа жетерлік. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп үйренген шенеуніктер, Президенттің айтқанына мардымды жауап таба алмады.

5LDxv0vK0iCCWUkgQ3ALdvjaS2yomd

Сурет time.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Президент ЭКСПО қалашығына күллі кабминді жинады. Әуел баста көрме туралы өрбуі тиіс әңгіме, Астананың проблемаларына келгенде қызды. Астананың шұрықтесік жолдары да ашуға тиген. Жөнделгеніне жыл өтпей елорда көшелерінің неге қирап қалатындығын әкімдіктегілер түсіндіре алмады. Тіпті, елорданың жауын кезінде шағын Венецияға айналатынын шенділер білмейді екен.

Ал Астанадағы саяжай тұрғындары жаппай көшетін сияқты. Президенттен әбден сөгіс естіген әкім екі жылда ескі үйлер түгел сүрілетінін айтты. Жоспар бойынша мемлекетке қажетті жерлердің барлығы тартып алынбақ. Әкімнің сәтсіз есебінен кейін министрлер кезек-кезек мінберге шықты. Жақсы жаңалықпен жағынайын деді ме, Сыртқы Істер министрі Қытайға визалық режимді жеңілдетуді сұрады. Жаңадан келген соң болар, Сағадиев пен Бозымбаев көп сын астында қалмады. Есесіне «ЭКСПО» кезінде жұрттың бәрі көңілді жүретін болады деген уәдесіне қарамастан, мәдениет министрі де ұрыс естіді.

Мерекені шетелдіктер ұйымдастырмаса да, ЭКСПО құрылысы, дизайны өзге ел мамандарының мойнында екен. Көрмені CNN, Блумберг береді деп мақтанған Есімов “ЭКСПО-ны желіде жамандайтындар азайды” деп те арқаны кеңге салды. Ал президент орта жалақысы 190 мың теңге астаналықтарға жағдай жасау керектігін тағы ескертті.

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековты Елбасының сынның астына алып, Талдыкөлге көшіріп жіберемін деп айтқанын жазған едік.

Талқылау