Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент жастар мен әжелер туралы қалжыңдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар бұрынғыдай емес» деген әйгілі тіркеске қатысты қалжыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20161201115238

«Араларыңызда білімі мен ақылының арқасында елімізге үлкен үлесін қосып үлгерген жастар баршылық. «Жастар бұрынғыдай емес» дейтіндерге менің беретін жауабым: «Әжелер де бұрынғыдай емес, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді. Есесіне олар да ғаламторда отырады. Бұл негізі қалжың, бірақ расында да солай», – деді президент бүгін Қазақстан жастары форумы барысында.

Президенттің айтуынша, қазіргі жастар заман ағымына сай өмір сүреді.

«Уақыт тез өтеді. Біз тез өзгереміз. Ұлы Рим императоры Аврелийдің мына бір сөздері есімде қалыпты. Ол: «Әлі 10 мың жыл өмір сүретіндей жүрме. Өмір тым қысқа. Өмір сүріп жүрсің бе, мүмкіндігің бар ма, барынша жақсы адам болуға тырыс». Қандай жақсы сөздер», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Астанада елбасының қатысуымен Қазақстан жастар форумы өтіп жатыр. Аталмыш форум екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл жолы форумға ең белсенді, шығармашыл, еңбекқор, білімді жастардан, республикалық жастар ұйымдарынан, азаматтық қоғам өкілдерінен барлығы мыңға жуық жас қатысты.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев жастарға Uber-ді ойлап табушылардан үлгі алуға кеңес берді

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

Айсұлтан Назарбаев Елбасыдан футбол федерациясы басшысының қызметін сұрамағанын мәлімдеді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға америкалық демократияны енгізуді негізсіз деп тапты

Талқылау