Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент ЭКСПО біткеннен кейін «ұйқыға кеткен» шенеуніктерді сынады

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесіне қойылған технологияларды қолданысқа енгізбей отырған шенеуніктерді сынға алды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жақсы өткіздік. Сонда баламалы энергетикаға арналған 140 ғылыми жоба таныстырылды. Екі ай өтіп еді, ЭКСПО-ны өткізгенімізді ұмыта бастаған сияқтымыз. Бірден айтайын, мен оны ұмытпаймын.

ЭКСПО-ны не үшін өткіздік? Қыруар жұмысты не үшін жасадық? Біз әлемнің баламалы энергетика саласындағы тәжірибелермен танысуды көздедік. Қатысушылар да келді, өз тәжірибесін көрсетті. Бұл бағыттарда міндеттер қойылды. Біз болсақ, келесі бетті аударып, ЭКСПО-ны жаба салдық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жалпыұлттық телекөпір кезінде.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-да таныстырылған технологияларды жүйелі түрде қолданысқа енгізу қажеттігін жеткізді. Осыған байланысты нақты жоспардың да болғаны жөн.

«Шетелге барып, ол технологиялардың қалай жұмыс істеп жатқанын көріп сосын өз жерімізде іске қосуымыз қажет. Осы жұмысқа толығымен Үкімет жауапты», – деп атап көрсетті президент.

Оқи отырыңыз:

Ернар Айдар Серік Ибрагимовтің әйгілі әні арқылы жеке өмірінің құпиясын ашты (фото, видео)

Индира Расылхан бір күнде дүниеге келген күйеуімен бірге туған күнін атап өтті (фото)

Қуандық Рахым концертінде Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындамақ (видео)

Сәкен Майғазиевпен суретке түсе алмаған тыңдарман әншіні балағаттап кеткен (видео)

Талқылау