Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент сайлауында алғашқы үштікке кімнің кіргені белгілі болды — Exit poll

Exit poll қорытындысына сәйкес, Әміржан Қосанов пен Дания Еспаева президентікке үміткерлер арасындағы бәсекеде алғашқы үштікке енді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, "Ұлт тағдыры" халықтық-патриоттық қозғалыстың атынан сайланған кандидат Әміржан Қосанов екінші орында иеленді. 

"Қоғам пікірі" институты жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, Қосановқа сұралған қазақстандықтардың 15,39%-і дауыс бергені белгілі болды. Ал "Жастар" зерттеу орталығының қорытындысы бойынша, Қосанов 14,96% дауыс жинаған. 

"Қоғам пікірі" институтының мәліметінше, жалғыз кандидат әйел сайлаушылар дауысының 5,32%-ін иеленген. Ал "Жастар" жүргізген сауалнамаға сәйкес, 4,78% дауыс жинаған. 

Қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында үздік деп танылды. "Қоғам пікірі" институтының нәтижесі бойынша, сайлаушылар дауысының 70,13%-ін, ал "Жастар" зерттеу орталығы жүргізген сауалнама бойынша дауыстың 69,94%-ін иеленген. 

Талқылау