Назарбаев Түркия мен Ресей жанжалына қатысты пікір білдірді

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 13:42

Елбасы көптеген жылдардан бері Түркия мен Ресейдің арасында достық қарым-қатынасты дамыту үшін  жұмыс істегенін айтты.  Алдағы уақытта апатқа ұшыраған ұшақ бойынша тергеу,тексеру амалдарын жүргізіп екі елді ымыраға келтіруге тырыспқ.

epa03495203 Russian President Vladimir Putin (L) and Turkish Prime Minister Recep Tayyip Erdogan (R) shake hands as they pose for the media after a joint news conference in Istanbul, Turkey, 03 December 2012. Putin arrived for a working visit to Turkey to discuss the Syrian conflict, among other topics. EPA/TOLGA BOZOGLU

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаға байланысты комиссия құрып, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды.

«БҰҰ мінберінен мен терроризммен күрестің бүкіләлемдік желісін құруды ұсындым. Біз Ресей мен Түркия арасында орын алған оқиғаларға қатты қобалжимыз. Бізге осы оқиғаның барлық мәселелері әлі белгілі емес. Дегенмен, Ресейдің бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, Түркияға бағыт алған да жоқ, террористермен күреске бағыт алған болатын – бұл факт. Күрестегі достар, одақтастар ретінде олар ортақ тіл табысып, ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасқа сызат түсірмеулері керек еді», – деді Н. Назарбаев.

«Мен – Ресей мен Түркияның позицияларын бір-біріне жақындату мақсатында көптеген жылдар бойы жұмыс істегем, оларды достас мемлекет атандыруға тырысқан адаммын. Демирел Үкіметінен бастап Ельцин Президенттігіне дейін сондай жұмыстар атқарылды. Ал осы көптеген жылдар бойы жасалған жұмыстар бір сәтте ғана құрып кетуі мүмкін. Қанша қиын болса да, мен бірлескен комиссия құрып, оның жұмысы бойынша кінәліні тауып, жазалап, қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырамын. Мен біздің достарымызды, Ресейді де, Түркияны да осыған шақырамын», – деді Н. Назарбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар