Президент Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады

Жұма, 26 Тамыз , 2016 17:53

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондарын II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Барыс

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Елбасы қолынан осынау жоғары награданы Олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин мен Ниджат Раxимов алды. Сонымен қатар осы орденді Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов тақты. Президент олардың медалін алтынмен пара-пар деген бағасын берді.

«Барыс» ордені – Қазақстан Республикасының ордені.

Бұл орденмен марапаттау Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciне, бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға; мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ciңipгeн ерекше еңбегі үшін беріледі. 1999 жылы ҚР президентінің жарлығымен «Барыс» ордені үш дәрежелі болып бекітілді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар