Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент: оқушыларға берілетін тапсырманы жеңілдету керек

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласын дамыту бойынша алдағы маңызды міндеттерді атады.


“Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет”, — дейді президент.

Оның айтуынша, орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды. Ол 2021 жылы аяқталады. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек.

“Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты”, — дейді Назарбаев.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.

“Біздегі оқушыларға берілетін тапсырма ТМД елдерінің ішінде ең қиыны болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек”, — дейді президент өз жолдауында.

Жолдауда  барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылатын туралы жазылды.

“Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі”, — дейді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз:

Елбасы: Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлт өкілі де президент болып сайлана алады

Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

Талқылау