Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықоваға бірқатар тапсырма берді

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдап, бірқатар тапсырма берді.

Президент мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықоваға бірқатар тапсырма берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Елбасының қабылдауында болған Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне тоқталды. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берді. Сондай-ақ, мемлекеттік наградалар және әдебиет пен өнер саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы жөнінде баяндалды.

Президент мерекелерді атап өтуге дайындықты ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін айтты.

Кездесу соңында елбасы мемлекеттік хатшыға бірқатар нақты тапсырма берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау