Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент: Қысқартылған шенеуніктер неге орнында отыр?

Қазақстан  президенті Нұрсұлтан  Назарбаев  әкімшілік кедергілерге жиі ұшырайтын кәсіпкерлік саласын сынап өтті,-деп жазды Қазақпарат.

назррррр

«Өткен жылы Әлемдік банк рейтингі бойынша 35-ші орынды алдық. Қол соғып, қуанып алдық, жақсы көрсеткіш.Дегенмен өзім  бұл салада айтарлықтай оң өзгеріс байқаған жоқпын»,-деді Назарбаев.

Елбасының қолындағы мағлұматтар бойынша, өткен жылдың тоғыз айында  тауар мен қызмет көрсету,  шағын және орта кәсіпкерлік  жеті пайызға қысқарған. Сала бойынша субектілер де жеті пайызға азайған. Ал шағын және орта кәсіпкерлікпен аналысушылардың өзі үш пайызға азайыпты.

«Сөзіміз бен ісіміздің нәтижесі екі бөлек болып тұр. Кәсіпкерлік қалайша қарыштап дамиды, егер үнемі  онымен айналысатындарға кедергілер көбейіп отырса?»,-деді президент

Оның сөзінше, тексеру жүйесі  бойынша  61 ведомства. Оның 45-і орталықта. Ал, 16-сы  жергілікті орындарда.

«Жеке кәсіп ашуға мүмкіндік бермейді. Мүмкін емес! Неге? Ол біздің қолымызда тұрған зат емес пе? Кім істеп жүр? Олар Үкіметтің ішінде отыр ма? Біз бір  бастаманы аламыз, дамыту үшін шешім қабылдаймыз, ал әрі қарай басқаша жасалынады. «Атамекен» Ұлттық палатасының мәліметінше  кәсіпкерлерге  28  мың талап бар. Тимур Мұратұлы (Ұлттық эономика министрі Сүлейменов) келдіңіздер ғой шеше аласыздар ма? Үкіметте көптеген  бақылаулар мен  мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге ауысты дейміз. Жұмыс барысында  қызметкерлерді қысқартқанымыз қайда? Олар өз орындарында отыр ғой. Кәсіпкерлерді тексеретін қызметкерлерді қысқарттық дейміз, бірақ олардың санында өзгеріс жоқ»,- деп  ашулана сұрақ қойды президент.

Президент Үкіметке  Бас прокуратура, ҰКП «Атамекен» мен біріге отырып бақылау  жүйесіне  ауқымды тексеру жүргізіп, екі айдың ішінде қорытындысымен өзіне келуді тапсырды.

Талқылау