Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарды жұмыс істеуге шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойды.

«Қазір жағдайы төмен отбасыларға арналған ипотекалық тұрғын үй құрылысы өріс алып, студенттерге арналған жатақханалар құрылысы басталып, микрокредитті арттыру қаматамасыз етіліп жатыр.  Мұның бәрі кәсіпкерлік, соның ішінде нысандарды жекешелендіру,  мемлекет игілігінен алу үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан мен барлық қазақстандықты тағы да жұмыс істеуге шақырамын. Бүгінде кім жұмыс істесе, сол ипотекалық баспана алып, университетте білім алып, отбасының, өзінің өмірін жақсарта алады. Қазақстандағы жағдай бойынша, жұмыс істейтін адам нашар өмір сүре алмайды», – дейді Президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы бүгінде мамандыққа ие әрі жұмыс істей алатын адамдардың қажет екенін айтты.

«Мұндағы мәселе жұмыс беруде емес, мамандықта. Барлығы жұмыс істей алатын мамандарды іздейді. Сонымен қатар біз қатарынан екінші жыл жастарға арналған бағдарламаны жүзеге асырып отырмыз. Мұны пайдалану керек. Яғни бүгінде қызметке тұрып алып, жұмысым бар деп ойлайтын емес,  мамандыққа ие, жұмыс істейтін адамдар қажет», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдаған еді.

Талқылау