Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Исекешевке ЭКСПО-ға дейін таңғы бестен жұмыс істеуді тапсырды

Президент Астана әкіміне  қаланың мэрі қандай болуы керек екенін түсіндірді,-деп жазды Sputnik Қазақстан басылымы.

Исекешев

“Қаланың жақсы мэрі жақсы басшы болуы керек. Ол таңғы бесте тұрып, орынбасарларымен бірге бүкіл қаланы аралап, қарап шығады да, сосын жұмысына келіп, “Президент келгенге дейін бәрін жуып, тазалап, ақтап қойыңдар” дейді”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевке Астана қаласының дамуы және “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Президент Астана әкімі мұны жасамаса, ЭКСПО көрмесіне дейін өзі күнде таңертең қаланы аралайтынын айтты.

“ЭКСПО көрмесіне дейін мен өзім ерте шығып, бүкіл қаланы аралап шығамын да, сосын жұмысқа барамын”, — деді Елбасы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың іші мен сыртында үйіліп жатқан қоқыс мәселесін көтеріп, қала әкімі Әсет Исекешевке мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Кейбір құрылыс компаниялары өз құрылыс қоқыстарын да шығармайды. Қалада бүкіл жерде қоқыс үйінділері жиналып қалған. Бұрын Әділбек Рыскелдіұлы (Әділбек Жақсыбеков – Астананың бұрынғы әкімі) кезінде де мұндай болмаған еді”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қаласының дамуы және “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Әсет Исекешев өз кезегінде бұл мәселенің жылда қыстан кейін шығатынын айтты.

“Қазір біз заңнамалық реттеу бойынша ұсыныс дайындап жатырмыз. Өйткені құрылысшылардың қоқысты шығаруы реттелмеген”, — деді әкім.

“Ол салған үйінің маңын тазалап, ағаштар егуге міндетті. Ол қоқысын да жинамайды, өйткені біз талап етпейміз. Айыппұл салу керек”, — деп қадап айтты Президент.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев мемлекет есебінен пәтер алуға қатысты: Енді тегін ештеңе жоқ

ОҚО мен Ақтөбе өңірлерінде антитеррорлық операция жүргізіліп, 4 радикалды топ ұсталды

Елімізде дәрігерлер науқас ұшқыштарға “дені сау” деп анықтама беріп ұшуға жіберген

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Танымал журналист Баян Есентаеваға: Арлы ұлтымды азғырма

 

 

Талқылау