Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент экс-министр Тимур Сүлейменовті жаңа қызметке тағайындады

Бұрынғы министр Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте қызметке ие болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Тимур Сүлейменов

«Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - делінеді хабарламада. 

Президенттің өкімімен Алпысбай Ахметов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. 

Тимур Сүлейменов 2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін ҚР ұлттық экономика министрі қызметін атқарған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр