Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент болу қиын ба? Назарбаев көшбасшы болудың қандай екенін айтып берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент болуы қиын ба? деген сауал төңірегінде өз қызметі, оның қиын тұстары жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Президент болу қиын ба? Назарбаев көшбасшы болудың қандай екенін айтып берді

Елбасының президенттік қызметі жайлы айтқан архивтік сұхбатынның үзіндісі ҚР Президентінің теле-радио кешенінің ресми парақшасында жарияланды. Онда елбасы президент болудың қаншалықты қиын екеніне тоқталып өтті.

«Нағыз көшбасшының қиындығы – сен алдыға жүріп, қарайсың. Сен жетекші емес, басқарушысың. Сен жетелейсің. Бірақ, қайда жетелейтініңді білуің керексің. Әрине, бәрін жазып, талдап, ары қарай осылай істеу керек деп ұсынып, көмектесіп отыратын көптеген көмекшілер бар. Бірақ, шешімді сен қабылдайсың. Олар жазғандары үшін жауап бермейді. Саған, президентке шешім қабылдау керек және сол шешім үшін сен жауап бересің. Міне, президенттің жалғыздығы осында. Сен осында жалғыз отырасың және жұмыс істейсің», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау