Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Баталовтың жұмысына оң баға берді

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймақ басшыларына мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту шараларына көңіл бөлуді тапсырды.

батталов

Бұл ретте, Президент мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тиімді пайдаланып отырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жұмысына жақсы бағасын берді.

«Аймақтық (салалық) дамуға арналған бағдарламалар мен индустриялық дамуға бағытталған бағдарламаның шығындарын қайта қараса жөн болар еді. Мемлекеттік шығын мен субсидиялардың мөлшерін де қайта тексеру артық болмайды. Себебі, қазір қатарынан бірнеше сала тек қана мемлекеттің есебінен күн көріп отыр деуге болады. Бірақ, осылай бола тұра, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші кәсіпорындардың тең жартысы «ҚазАгро» корпорациясының қолдау шараларына қол жеткізе алмай отыр. Бюджет шығынын азайту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін белсенді әрі тиімді қолдана бастау қажет. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дегеннің не екенін де жақсылап түсіндіру керек әлі де.Жуырда мен Алматы облысының әкімімен әңгімелесіп, Алматы қаласына бардым. Сонда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің нәтижесі қандай болатынын көрдім: мемлекет кәсіпкерге жер береді, жарығын, ыстық-суық суын тартып береді, былайша айтқанда, бастапқы жағдайын жасап береді. Бұл – мемлекеттің қатысуы.Ал, кәсіпкер сол жердегі нысанның құрылысын мойнына алады. Осылайша, бірнеше балабақша, басқа да әлеуметтік нысандар салынған екен”,- деді президент.

“Алматы облысының әкімі  Баталов осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті кең көлемде айналымға енгізген. Бұны айналымға енгізу үшін де әкімге жұмыс керек. Жұмыс істемей, жата берсе, мемлекеттен ақша сұрап, кабинеттен кабинетке жүгірсе, түк пайда болмайды.Кім жұмыс істесе, сол нәтиже көрсете алады. Сондықтан, жұмыс істеген әкім өз аймағына әбден байып кеткен, сол өңірден шыққан азаматтарды да тартады, басқа да шараларды қолға алады», – деді Елбасы.

Бұл ретте, Назарбаев жекеменшік инвесторларды жолдардың, газ құбырларының, мектеп пен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысына ғана емес, олардың техникалық қызмет көрсетуіне де тарту керектігіне тоқталды.
«Бюджеттік шығынды оңтайландырудан түскен қаржының барлығын ең бірінші кезекте халыққа шын пайдасын тигізетін жобаларға жұмсау керек»,-деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

Талқылау