Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент Ақтөбедегі жағдай бойынша ҰҚК төрағасын қабылдады (видео)

Кездесу барысында  Владимир Жұмақанов Нұрсұлтан Назарбаевқа  Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан антитеррорлық операциялар нәтижесін баяндады.

 кездесу

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы   қанды оқиғаға себепші болған 13 адамның көзі жойылып, 14 адамның жарақат алғанын айтты. Сондай-ақ, қылмыс жасалмас бұрын мұндай әрекетке барудан бас тартқан 20 адам тергелген. Қазір  қанды оқиғаны ұйымдастыруға қатысқан  6 адамға іздеу жарияланған. Олар Ақтөбе облысында деген болжам бар.


Қазақстан президенті Ақтөбе облысындағы қанды оқиғаға себепшілерді ұстауға барлық мүмкіндіктерді пайдалану керектігін айтты.

« Біз олардың сол аймақта екенін, кімдер екенін білеміз, халық бұл мәселе бойынша ақпараттанған. Олардың бірін қалдырмай ұстау керек. Оқ жаудырып қарсы шықса, сол жерде көздерін жою керек. Олардың барлығы ең қатал жаза арқалауы керек»,-деді президент.

 

Талқылау