Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Преснегорьковск-Павлодар бағытындағы пойыз жолаушысының жарты миллион теңгесі ұрланған

Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы Павлодар азаматы ұсталған. Бұл туралы Павлодар облыстық қылмыстық полициясы басқармасының бөлім басшысы Қанат Юсупов хабарлады.

9347689

Оның мәліметінше, 23 қаңтар күні таңғы сағат 5 шамасында Преснегорьковск-Павлодар бағытындағы пойыздың №1 вагонына бір адам құжаттарымен, артық жүктерімен және ақшасымен мінген. Содан соң оқулықтар салынған сөмке мен заттарды ұры Екібастұз бекетінде рельстердің арасына лақтырып кеткен. Төрт күннен соң №16 вагонда басқа жолаушы өзінің әмиянынан жоғалған 520 мың теңгені тауып алады. Екі оқиғада да ұры өзінің астыртын әрекетін жолаушылар ұйықтап жатқан мезгіл, таң алдында іске асырған.

Аталған екі дерек бойынша, ҚР ҚК 188 бабы 1 тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

«Қылмыстық полиция өкілдігінің қызметкерлері аталған пойыздың барлық жолаушыларын тексеру нәтижесінде, екі оқиғаға да басты күдікті ретінде 32 жастағы Павлодар тұрғынын ұстаған», – деп хабарлады Юсупов.

Ол вокзалда келесі поййызға мінуге дайындалып жатқан жерінен қолға түскен.

Талқылау