Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр Қырғызстан шегарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Еуразиялық экономикалық одақ елдері Қырғызстанның кесірінен миллиардтаған доллар қаржы жоғалтқан.

Бүгін Ереванда Евразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан шекарасындағы бақылауды күшейту шарасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 31 арна.

Үкімет басшысының  айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдері  аумағына Қытайдан келетін тауар көлемі Қырғызстаннан басқа елдерде азайған. Бұл Қырғызстан тарапынан кедендік бақылаудың тиісті деңгейде емес екенін көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан шекарасындағы бақылаудың күшеюі жүк тасымалдаушылар тарапынан кететін заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Ал Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінен Қырғызстанға жеткізілетін импорттық тауарлар айналымынан одақ бюджетіне түсетін кедендік жинақтар сомасының шығыны үш жылда шамамен 828 миллион доллардан асқан.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда қандай жол ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды жеңілдету қарастырылды

Дүйсенова қай зейнеткерлердің зейнетақысы екі есе өсетінін айтты

Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек

Талқылау