Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр қымбат автокөліктер сатып алатын әкімдіктерді сынға алды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қымбат көліктер сатып алып, өртке және су тасқынына қарсы техникаларға ақша таппайтын әкімдіктерді сынады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қымбат көліктер сатып алып, өртке және су тасқынына қарсы техникаларға ақша таппайтын әкімдіктерді сынады

Сурет: primeminister.kz

«Облыстарда негізгі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда олардың сапасы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі төмен.  БАҚ беттерінен әкімдіктердің жыл сайын қымбат автокөліктер сатып алып жатқанын оқимыз. Ал өрте, су тасқынына қарсы және басқа да апаттық техникалардың сатып алуға ақашалары жоқ. Бірінші кезекте материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді назарға алуларыңызды сұраймын», – дейді Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-министр Қазгидрометтің биылғы жылы жаз мезгілінде бірқатар өңірде ауа температурасы қалыптан жоғары болатынын болжағанын атап өтті.

«Сондықтан бұл мәселеге баса назар аудару қажет. Ауыл шаруашылық министрлігіне облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесе отырып,  табиғатты қорғау және орман шаруашылығындағы өрт сөндіру техникаларының деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын», – дейді үкімет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Оралда құрылыс алаңынан табылған сәбиді туған анасы балалар үйінен алып кетті

Астанада қатты дауыл мен бұршақ салдарынан кран құлап, “пирамиданың” терезесі сынған (фото, видео)

Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап көз жұмған үйдің тұрғындары оқиғаның мән-жайын айтты (фото, видео)

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Талқылау