Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Прагадағы ММА бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медальға ие болды

ММА бойынша  Қазақстан құрамасы  Прагадағы аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионатында жалпыкомандалық екінші орынға ие болды. Бірінші орыннан Ресей, үшінші орыннан Әзербайжан командасы көрінді.

20151129131311

Бұл туралы STAN.KZ ҚР ММА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«28 қарашада Прагада өткен финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Сергей Морозов (61,2 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Жалғасұлы Жұмагелді (65,8 кг), Шавкат Рахмонов (77,1 кг), Дәурен Ермеков (84 кг) және Мохмад Сулиманов (+93 кг) күміс медальдарға ие болды. Рашид Дагаев (70,3 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды», -делінген хабарламада.

Талқылау