Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Праганың ашық алаңында мыңдаған адам мастурбациямен айналыспақ

2016 жылдың 1 маусымында Чехия астанасы Праганың Старомест алаңында ерекше шара өтпек. Мұнда таңертең мыңдаған адам жиналып мастурбациямен айналысады.

1457603142_e-news.su_46f34ba3399b375aaae07934e3601128

Шараға Прага тұрғындарынан бөлек, Чехияның өзге қала тұрғындары мен шетелдіктер қатыса алады. Прага қонақүйлерінің 31 мамыр мен 1 маусым аралығындағы бағасы қымбаттап үлгерген.

Дәл мұндай шара бұрын соңды болмаған. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, әйелдер мен ерлер, жастар мен қарт кісілер мастурбациямен айналысады. Және осының бәрі Чехия астанасының ашық алаңында өтеді.

Шараны белсенді тұрғындар ұйымдастырған. Олар шара жөнінде Facebook  желісінде арнайы парақша ашып, жазба қалдырған. Қазіргі уақытта жазбаны 7 мың адам оқыған. Олардың 4 мыңы аталған шараға бармақ ниетте.

Тіпті желі қолданушылары мастурбациялық құралдарды қалай қолдану керектігі жөнінде сұрақтар қойып әлек.

Прага полицейлері, әрине, мұндай шараның өтуіне қарсы. Алайда, мыңдаған адамды ұстауға полицейлердің күші жетпейді. Ұстаған күннің өзінде көп адамды қамайтын үлкен полиция бөлімшесі жоқ. Оның үстіне Чехия – демократиялық мемлекет екені белгілі.

Талқылау