Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз аялдамасында ұйықтап кеткен ер адамды түлкі оятқан

Стив Гулд Лондонда достарымен көңіл-көтеріп қыдырған. Аздап ішімдік ішкендіктен, пойызда отырып, көзі ілініп кетеді. Сөйтіп, өз аялдамасынан өтіп кеткен. Одан түсіп жақын маңдағы аялдамаға қайта барғанда, тағы да ұйықтап кеткен.

417d6627abfb45b5d9aa998ed444e527__660x

Сурет: lifenews.ru

«Мен есімді білмей, қатты ұйықтап кетіппін. Бір сағатқа жуық уақыт өткенде, оянып кеттім. Қарасам бір түлкі аяқ киімім мен шалбарымды тістелеп тартып тұр екен. Ол маған: Жігітім, сен қолайсыз орында ұйықтап жатырсың» деп тұрғандай көрінді», – дейді Стив Гулд.

Оның айтуынша, түлкі оған шауып, не тістеуге әрекеттенбеген. Ол тек шалбарын тартып, оны оятпақшы болғанға ұқсайды. Стив түлкіні сол уақытта суретке түсіріп үлгерген.

Осыдан кейін түлкі жолдың арғы бетіне қашып кеткен. Ол жерде оны тағы бір түлкі күтіп тұр екен. Бірер секундтан кейін екеуі қаранғыда көрінбей кетіпті.

«Мені түлкі оятпағанда, не боларын кім білсін. Мен ұйықта жатқанда пойыздың аяғымды басып кетуі мүмкін еді ғой. Бұл менің өмірімдегі ең әдемі көрініс болды», – дейді Гулд.

Талқылау