Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар комитеті пойыз апатына қатысты мәлімет айтты (видео)

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов пойыз вагондарының аударылғанын растады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото: kris_p_almaty

“Оқыс оқиға Жамбыл облысының Шу ауданына болды. Үш вагон аударылды. Зардап шегушілер туралы ақпарат түсіп жатыр. Пойыз Астана-Алматы бағыты бойынша жүрген “Бәйтерек” №9 пойызы. Жұмысшы тобымыз жолда келе жатыр”, – дейді Иманқұлов.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында пойыз апаты болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау