Пойыз үстінде селфи жасамақ болған павлодарлық жігіт өлім аузынан қалды

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 15:19

Павлодарда пойыз үстіне шығып селфи жасамақ болған жігіт ауыр жарақат алды. Ол жоғары кернеулі тоқты қолымен ұстап алған.

26_main

Сурет: joinfo.ua

Оқиға 7 шілде күні болған. Оқиғаның куәгері болған достары үлкендерді көмекке шақырған. Жедел-жәрдем қызметін көрші мекеме қызметкерлері шақыртқан.

Бұл туралы қалалық жол прокуратурасының орынбасары Амангелді Рахметжанов мәлімдеді.

«Жеткіншекті облыстық ауруханаға жатқызды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 85 пайыз денесін күйік шалған. Ішкі ағза мүшесіне зақым тимеген. Оған кешенді ем жүргізіліп жатыр», – дейді облыстық емхананың бас дәрігері Ардақ Күзеков.

Қазіргі уақытта прокуратура теміржол күзетінің қалай жұмыс істейтінін, адамдардың темір жолдардан өту қауіпсіздігін тексеріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Өскемендегі жігіттің селфи жасамақ болып суға кеткендегі сәті жарияланды (видео)

Хирург операция үстінен трансляция таратып, жалаңаш емделушімен селфи жасады (фото)

Жеті дос селфи жасаймын деп суға батты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар