Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Португалия құрамасы Хорватияны санаулы соңғы минуттар қалғанда ұтып кетті

Санаулы сәттер бұрын Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Португалия және Хорватия құрамалары кездесті.

20160626035749 (1)

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ойынның негізгі уақытында қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таппады. Сол себепті төрешілер экстра тайм белгілеуге мәжбүр болды.

Экстра таймның бірінші кезеңінде де есеп ашылмады. Алайда экстра таймның аяқталуына 3 минут қалғанда Криштиану Роналдудың тепкен добы қақпашының қолынан қайтып, серпілген допты Рикарду Куарежма баспен қарсыластың қақпасына сүңгіте салды.

Айта кетейік, Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының бұл сатысына 1996 жылдан кейін жете алмаған.

Ширек финалда олар Польшамен ойнайды.

Жіберіп алмаңыз:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Исландия комментаторы топтың жеңісіне ерекше қуанып, эфирде шыңғырды (видео)

Талқылау