Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Порножұлдыз Лондондағы Ресей елшілігінің алдында шешінді

Британиялық порноактриса Саманта Бентли маймылды ғарышқа жіберуге қарсылық акциясының аясында Лондондағы Ресей елшілігінің алдында шешінген.

pic_5635912a5d97ddb548e7c995c5a6bff4

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды

Белсенділер Роскосмостың приматтар отрядына жататын сүтқоректілерді 2017 жылы ғарышқа аттандырып сынақ жасау бағдарламасына қарсылық білдіруде.

“Егер Ресей бұл экспериментті жүзеге асыратын болса, онда космостық бәйгеде шаң қауып, бармақ тістеп қалатын болады”, – деп мәлімдеді РЕТА (“жануарлар құқығымен айналысатын адамдар”) ұйымы басшысының орынбасары Элиза Аллен.

Бентли болса, елшілік ғимараты алдында жатып қарсылық танытты. Басына ғарышкердің шлемін киіп, алдындағы плакатқа ұранын жазып алған жалаңаш актрисаның жан-жағына жасанды қан төгілген.

 

Әртістің айтуынша, Роскосмотың бұл жоспары оны қатты шошындырған.

“Егер оларды ғарышқа жібере салса, оларда қандай қорқыныштың орын аларын ойлап көріңізші. Сосын мен жайбарақат тұра алмадым”, – деп түсіндірді Бентли.

28 жасар порноактриса бұл күнге дейін 100-ден аса фильмге түсіп үлгерген. “Игра престолов” сериалында да жезөкше рөлінде эпизодта ойнаған.

Талқылау