Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Поп-жұлдыз Селин Дионның ағасы қатерлі дерттен қайтыс болды

Селин Дионның ағасы, 59 жастағы Даниэль Монреалядағы үйінде көмейдегі қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды.

0EPcmm559Vs

Бұл туралы BBC хабарлайды.

Әншінің продюсері әрі күйеуі  Рене Анжелид екі күн бұрын ғана сондай ауыр  ісіктен көз жұмған.

47 жастағы Селин Дион мансабын 1988 жылы Швейцарияда өткен «Евровидениядан» бастады. 220 миллион альбомын сатып, ең табысты әнші ретінде танылды. Оның орындауындағы «Титаник» фильмінің саундтрегі My Heart Will Go On әні әлемдік деңгейде хитке айналған.

Селин мен Даниэльдің ата-анасы, Квебеке барының иелерінде, 14 бала болған. Жақында ғана әншінің жесір қалғанын хабарлаған едік.

Талқылау