Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаттықтырушысы Полтораниннің тұтқындалуы туралы: «Ол бөлмеде шай ішіп отырғанда полиция келді»

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы 27 ақпанда Австрияда шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионатында болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Алексей Полторанин

Бұл туралы Vksport.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

27 ақпанда Полторанин классикалық жүріспен 15 шақырым қашықтықты жүріп өту жарысына қатысу тиіс еді. Ол алтын жүлдеге үміткер болды. Алайда қазақстандық шаңғышы жарысқа қатыспады. БДҚА (Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік) полициясы Қазақстан құрамасының лидері Алексей Полторанинді жарыстан алып тастаған.

«Ол бөлмеде шай ішіп отырғанда, БДҚА полициясы келіп, оны жарыстан алып тастады. Себебін білмеймін. Алайда оған сондай жақсы шаңғы дайындап қойған едік. Формасы да мінсіз болды. Өкінішті», – дейді жаттықтырушы Алексей Наконечный.

«Бұл әлем чемпионатында ендігі Полторанинді көрмеуіміз мүмкін», – делінеді басылымда.

«РИА Новости» мәліметінше, қазақстандық шаңғышы Денис Волотка Полтораниннің жарысқа қатыспағанын мәреге жеткеннен кейін білген.

«Алексейдің жарысты бастамағанын мәреге жеткеннен кейін білдім. Ештеңе білмедім. Алексей мейманханада үнемі жеке бөлмеде тұрады. Себебі жарыстарға өзінің жеке бағдарламасы бойынша дайындалады. Сондықтан мен оны көрген жоқпын. Бір рет допинг сынамасынан өттік. Болғаны осы. Мұнан кейін тест, бұл тақырыпқа қатысты әңгіме болған емес», – дейді Волотка.

Еске сала кетсек, күні кеше Алексей Полтораниннің допинг дауына ілігіп, тұтқындалғаны хабарланған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр