Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшалық кәсіпкер талдықорғандық қыз үшін Қазақстанға келіп, сан соғып қалды (видео)

Польшалық кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген бойжеткенмен кездесу үшін Қазақстанға келген. Алайда ол өзінің алданғанын білді.

Польшалық кәсіпкер талдықорғандық қыз үшін Қазақстанға келіп, сан соғып қалды (видео)

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Польшалық азамат туралы ақпарат 19 қаңтарда Instagram желісіндегі «Талдыкорганец» тобында жарияланған. Ер адам Кристина есімді қызбен кездесу үшін Талдықорғанға келіпті. Ақырында ол өзінің алданғанын білді.

«Маған қаладағы аялдамалардың бірінше польшалық ер адамның ұзақ уақыт бойы бір қызды күтіп тұрғаны туралы хабарлама келді. Бұл жағдайға қызығып, қалдырылған телефон нөмірі арқылы онымен хабарласып, кездестім. Анықталғандай, 52 жастағы Пшеслав есімді азамат Сважендз қаласынан. Ол біраз уақыт бұрын өзін Кристинамын деп таныстырған талдықорғандық қызбен танысып, интернет арқылы сөйлесіп жүрген. Ол қызбен жақын танысу үшін Қазақстанға Германия арқылы екі рет ұшаққа отырып келіпті. Маған оның оқиғасы ұнады. Шынымды айтсам, оны аяп кеттім. Оған көмектесу үшін әлеуметтік желіде жарияладым. Алайда нәтижесіз болды», – дейді аталған топтың әкімшісі Қайрат Әбдірахман.

Ал талдықорғандық тұрғындар Польшадан келген азаматты құшақ жайып қарсы алыпты.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec_insta)

«Пшеслав – ашық әрі қарапайым адам. Онымен өткізген уақыт тез өте шықты. Ол жұбайымен ажырасып кеткен екен. 17 жастағы бір қызы бар. Сонымен қатар оның өз кәсібі бар», – дейді блогер.

Сонымен қатар ол Пшеславқа өз отанына аман-есен жетуін тіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау