Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшадан келген турист Шымбұлақта жоғалып кетті

Польша азаматы, Алматыдағы “Шымбұлақ” тау-шаңғы кешенінде жоғалған. Бұл жайлы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

1418186959_jj4a9062

Ер адам 24 қаңтар күні таңертең курорт аумағында серуендеп жүрген. Оның жоғалғаны туралы ақпарат 25 қаңтар күні 02.05 шамасында түскен. Бағыты белгісіз. Туристті іздеуге ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару отряды жұмылдырылды.

“Қазіргі таңда құтқару шараларына 16 құтқарушы, 1 техника және 1 кинолог кірісіп кетті. Ал, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару отрядынан 12 адам, 5 техника күші іздестіру шараларын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Польша азаматы тауға шықпас бұрын, еш жерге тіркелмей, ешқандай қозғалыс бағытымен таныспаған. Іздеу шаралары күннің қай мезгілі болғанына қарамастан тоқтатылған жоқ.

Талқылау