Польша БАҚ-тары Бауыржан Исламханды сынға алды

Сейсенбі, 6 Қыркүйек , 2016 12:09

Польшалық TVN24 телеарнасы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды қорғаушы Камил Гликпен керісіп қалғаны үшін сынға алған.

470da-Kazakhstan-Polsha-Lukash-Fabianski-Bauyrzhan-Islamkhan

Фото: footboom.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Астанада Польша құрамасына өткен матчтың 72-ші минутында Глик жерде құлап жатқан Исламханды теуіп кеткен болатын. Осы әрекеті үшін поляк ойыншысы сары қағаз алды. Ал бұдан кейінгі уақытта Гликтің аяғына доп тисе болды, жанкүйерлер ысқырып оған наразылық танытты. Ойын нәтижесінде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіліп жатып, есепті теңестіре алған еді.

“Бауыржан Исламхан – өте жақсы футболшы, бірақ актер ретінде де жаман емес. Польшамен болған ойында ол біраз уақыт жерге жатып алып, ойынды жалғастыра алмайтындай көрінген. Алайда Гликтің мәдениетсіз түрде жасаған әрекетінен соң, ол орнынан атып тұрып кетті,” – деп жазады.

“Исламхан Польша құрамасының жарты алаңында жерге құлап қалып, ауырсынып жатты. Оны өте қатаң ереже бұзушылықпен құлатқандай көрінгенімен, ол орнынан дереу тұрып кете алды. Ал жанкүйерлер болса ысқырып, өз құрамаларының пайдасына айып добын белгілеу керек деп айқайлады. Ал Глик болса қарсыластың уақыт созуына қарсы болды. Қорғаушы алайда өз наразылығын сөзбен емес, аяқпен жеткізді. Әрине, оның әрекеті жазалауға тұрарлық. Ол сары қағаз алды, алайда төреші оған қызыл қағаз көрсетсе де артық болмас еді”, – дейді польшалық БАҚ.

Осы көрініс қазақстандық жанкүйерлердің ашуына тигені анық. Тіпті, әнші Сәкен Майғазиев те Инстаграмдағы парақшасына аталмыш сәттің видеосын жариялап, өзін ашудан әзер ұстағанын айтқан еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар