Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полицияның бұрынғы қызметкерлері заңсыз жолмен Қытайдың азаматтарын Жамбыл облысына көшіріп әкелген

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен ұзақ уақыт бойы заңсыз жолмен Қытай азаматтарын Жамбыл облысына әкеліп жүрген топ ұсталды. Бұл туралы Bnews.kz сайтына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Бұрынғы полиция қызметкерлері Қытай азаматтарын заңсыз көшіріп әкелгенҚХР-дан шыққан мигранттардың заңсыз каналын Тараздағы миграциялық полицияның қызметкерлері ұйымдастырған. Нақтырақ айтқанда, бұрынғы жетекші Б.Наурызбаев ҚХР-дан шыққан дәнекерші У.Силамбекпен келісімге келген, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. 

Аталған топ жалған құжаттарды жасап, азаматтарды заңсыз түрде Жамбыл облысында құжаттандырды. Бұл облыста 170-тен аса ҚХР азаматы бар. Оларға Қазақстанда емін-еркін өмір сүруі үшін жалған құжаттар берілген. 

2019 жылы 5 наурызда Тараздың №2 қалалық сотында осы іске қатысты үкім шықты. 

Бұрынғы полиция қызметкерлері Қытай азаматтарын заңсыз көшіріп әкелгенА.Зейдалиев ҚК 361 баб, 4.4 бөлігі (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 394 баб, 4.2 бөлігі (Заңсыз көші қонды ұйымдастыру) бойынша айыпталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Б.Наурызбаев ҚК 361 баб, 4.3 бөлігі  394 баб, 2 бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

У. Силамбек 394 баб, 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 
Үшеуі де жазаларын қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында өтейді.

 

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

 

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр