Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полициядан қашқан ұры бес көлікпен соқтығысқан

Алматылық полицейлер Алматы облысынан келген екі ұрыны қолға түсірді. Күдіктіні қолға түсіру барысында олардың бірі жол көлік апатына түскен.

Бұл туралы Stan.kz ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

“Алматы қаласы үй тонаушылар үшін таптырмас мекен десек те болады. Еліміздің түкпір-түкпірінен қылмыскер жиналып, бірге үй тонайды. Дәл осындай екі қылмыскерді қолға түсіріп отырмыз. Олар Алматы қаласы Түркісіб ауданы “Жас Қанат” шағын ауданының маңайынан ұсталды. Ұсталғанға дейін тұрғын үйлердің бірінен ноутбук, ұялы телефон, алтын бұйымдар және ақша ұрлап шыққан екен”, – дейді Алматы қаласы ІІМ полиция подполковнигі Жанболат Зиадин.

Қылмыскерлер аулада өздерін полиция қызметкерлері күтіп тұр деп ойламаған. Бірі бірден қолға түссе, екіншісі қашып үлгерген. Қашу барысында күдікті өзінің “Лексусында” отырып аулада тұрған 5 көлікті сүріп өткен. Мұнымен қатар, ұры жол көлік апатына түскен.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарлық өзінің пәтерін өзі тонаған болып шықты

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Талқылау