Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция желіде Ділназ Ахмадиеваға тіл тигізген ер адамды жауапқа тартты

Алматы полициясы желіде ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін ер адамды қылмыстық жауапқа тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция желіде Ділназ Ахмадиеваға тіл тигізген ер адамды жауапкершілікке тартты

Полиция Instagram желісінде әнші Ділназ Ахмадеиеваға тіл тигізген 1990 жылғы азаматқа қатысты шара қабылдады. Анықталғандай, ол бұрын ұрлық жасаған үшін сотты болған екен. 

«Өткен жылдың күзінде азаматша Ахмадиеваның парақшасында өз логині арқылы ұлтаралық және дінаралық алауыздық тудыруға бағытталған пікір қалдырған», - делінеді полицияның тергеу басқармасының хабарламасында. 
Әнші өзіне тіл тигізген ер адамның үстінен арызданып, ҚР ҚК 174-бабына (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. 

Шұғыл іздестіру шараларының барысында әншіні кемсіткен адамның тұлғасы анықталды. 

«Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, фигуранттың пікірінде ұйғыр ұлтының өкілдерінің ар-намысына қатысты кемсіту сипатындағы сөздер болған. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады», - делінеді хабарламада.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр