Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция полковнигі пара алып жатқан жерінен ұсталып, қашып кетуге тырысты (видео)

ҚР ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы пара алып жатқан кезінде ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроға сілтеме жасап Stan.kz.

Полиция полковнигі пара алып жатқан жерінен ұсталып, қашып кетуге тырысты (видео)

Ведомство мәліметінше, жоғары лауазымды полиция қызметкері 11,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл орайда бұған дейін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы пара көлемі 50 мың доллар (18 млн теңгеден аса) болғанын мәлімдеген еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, полиция полковнигі есімі аталмаған жоғары лауазымды тұлғаға қорғаншылық жасап, оны қылмыстық жауапкершіліктен қорғау үшін пара алған болуы мүмкін.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы тұтқындау кезінде қарсылық танытты. Ол жасырынып қалуға тырысып, Ұлттық бюро қызметкерінің көлігін зақымдады.

Хабарланғандай, күдікті Астана ІІД-дегі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау