Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкерлерінен таяқ жеген кейіп танытқан контрабандашы бас бостандығынан айырылды

Атырауда заңсыз балық аулап, тұтқындау барысында полиция көлігінде өзін-өзі ұрған Қостанай облысының тұрғыны сотталды, – деп хабарлайды №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

1

Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың 24 ақпанында жол патрульдік полиция қызметкерлері сотталушы А.А. айдаған «Лада ларгус» автокөлігін тоқтатып, 270 килограмм сазан тәркілеген.

Болған оқиғаға байланысты құжат рәсімдеу барысында сотталушы А.А. қызметтік көлік ішінде өзін-өзі жұдырықтай жөнеліп, полиция қызметкерлерінен таяқ жеген кейіп танытпақ болған. Артынша «102» нөміріне қоңырау шалып, жол полициясы қызметкерлері тарапынан күш көрсетілгеніне шағымданады. Алайда көлік ішінде видеотіркеуші орнатылғандықтан, сотталушы қулығы іске аспады.

Жедел топ келген уақытта, жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілсе де, сотталушы А.А. Атырау қаласы ІІБ №2 қалалық полиция бөлімшесіне полиция қызметкерлерінен жәбір көргендігі жөнінде арыз жазған.

“Сот шешімі бойынша, Қылмыстық Кодекстің 419-бабының 3-тармақшасында (Көрінеу жалған сөз жеткізу) қарастырылған қылмыс бұзушылығы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінеді сот хабарламасында.

Талқылау