Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен полициясы кішкентай балаға бөтелкемен сыра ішкізіп отырған суретті зерттеп жатыр

Желіде ер адамның сыра бөтелкесінен ұлына ішкізіп отырған фото жарияланды. Қазіргі таңда полиция әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатын аталмыш суретті зерттеп жатыр.

dF7VBMk9a2I_0

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Сурет Өскемен қаласындағы аудандардың бірінің ауласында түсірілген. Фотода ер мен әйел адам және төрт бала бар. Онда ер адам сыра бөтелкесі сияқты затпен ұлына сусын ішкізіп жатады.

“Егер бөтелкедегі сусынның алкоголді ішімдік екені расталса, онда ер адамға балаға ішімдік ұсынғаны үшін ғана емес, ішімдікті қоғамдық орында тұтынғаны үшін де жауапкершілік артылады”, – деп хабарлады ІІД.

ҚР әкімшілік кодексі бойынша кәмелетке толмаған баланы алкоголді мас күйге дейін жеткізуші 20 АЕК (45 380 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке қамалады.

Оқи отырыңыз:

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау