Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Астананың бірнеше тұрғын үйінен пәтер сатып алмауға кеңес береді

Астана полицейлері халыққа, сондай-ақ жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктерге және риелторларға “Зере”, “Зере 2”, “Арыстан” ТК пәтер сатып алмауға және сатпауға кеңес береді. Тұран даңғылының батысында орналасқан аталған кешендердің құрылысын жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс тексерілуде. Бұл туралы Астана ІІД мәлім етті.

2015_30_06__05_48_21__385

Сурет bazis.kz

Астана қаласының ішкі істер департаменті “Зере” (Ақан сері көшесі бойында), “Зере 2” (Р.Қошқарбаев көшесі бойында), “Арыстан” (Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының оң жағы, М.Төлебаев, 1 және Обаған көшелерінің қиылысы) көпқабатты тұрғын үй кешендерін тұрғызушы бас мердігерге қатысты бірқатар қылмыстық істі тексеріп жатқанын мәлім етті. Тұран даңғылының батысында орналасқан көпфункционалды кешен құрылысын жүргізген аталған мердігер 2012 және 2016 жылдар аралығында пәтерлерді сатқанымен, құрылысты келісімшартта көрсетілген мерзімінен кешіктіріп, сатып алушылардың құқықтарын бұзып отыр.

Бүгінде аталған нысандарда мәселе туындады және ол Астана қаласы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық комиссияның отырысында тыңдалуда, деп мәлім етті полиция өкілдері.

“Осыған байланысты азаматтарды жоғарыда аталған тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алудан бас тарта тұруды сұраймыз. Астана қаласының жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктері мен риелторларының басшыларына қылмыстық іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданғанша пәтер сату жөнінде консалтингтік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға кеңес береміз. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді Астана қаласы ІІД.

Талқылау