Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Астанадағы “Риксос” қонақүйіндегі атысқа түсініктеме берді

17 шілде күні таңғы сағат 08.00-де “Rixos” қонақүйі ғимаратының барында болған бұзақылық әрекет орын алған болатын.

55308233

Фото: booking.com

Аталған әрекетке байланысты ҚР ҚК 287 бабы 2 бөлімі “заңсыз қару алып жүру және ату” негізінде және ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі “бұзақылық, травматикалық қару қолдану” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары барысында аталған оқиға барда демалып отырған клиенттердің арасында туындағаны белгілі болды. Нәтижесінде екі зардап шегуші Астана қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілген.

Сондай-ақ, тергеу жұмыстары барысында 25 және 29 жастағы оқиғаға қатысушы тағы екі адам ұсталды. Қылмыстық іс негізінде сәйкес сараптамалар тағайындалды.

Талқылау