Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Алматыдағы теракт жасаған ер адамның пәтерін тінтіді

Алматы полициясы тәртіп сақшыларын өлтірді деген күдікті адамның жалдап тұрған пәтерін тінтті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

12557960

Фото: newskaz.ru

Алматы полициясының хабарлауынша, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары барысында күдікті Руслан Күлекбаевтың қаладағы соңғы уақытта жалдап тұрған пәтері тінтілген.

“Полиция қызметкерлері пәтерден тыйым салған заттарды таппады”, – деп хабарлады ІІД.

Тәртіп сақшылары пәтерді қарау кезінде бейбіт азаматтардың өміріне қауіп төнбес үшін, көпқабатты үй тұрғындарын эвакуациялап, аталған аудан аумағын қоршауға алған.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау