Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Алматыдағы қанішер жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы полициясы қалада қанышер жасырынып жүр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қалалық құқықтық орган қызметкерлері қалада болған қанды оқиғаны зерттеген.

«Алматылық-потрошитель» деген адам жоқ,-деп жауап берген ІІД баспасөз өкілі Салтанат Әзірбек.

КТК арнасы жақында ғана апалы-сіңлілі екеуді өлтірген қанішер екі әйелдің ағзаларын бөлшектеп тастады деген ақпарат таратқан еді.

«Бұл оқиғада ешқандай да «қанышер-потрошитель» туралы сөз болған жоқ. Оқиға қарапайым ішімдікке салынғанадамдар арасындағы төбелестің салдарынан орын алған»,-деді Салтанат Әзірбек.

Желтоқсанның 1 –нен –  2-сіне қараған түні екі әйелді пышақтап өлтірген 34 жастағы азамат қазір іздеуде.

 

Талқылау