Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция АҚШ-та қаза тапқан балалардың қазақстандық болуы мүмкін екенін айтты

АҚШ-тың Вашингтон штаты Мейсон округіндегі қайтыс болған екі бала Қазақстаннан асырап алынға болуы мүмкін. Бұл туралы округтың шерифі Райан Сперлинг жария еткен.

1010009227

Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлайды.

Балалардың Қазақстаннан асырап алынған болуы мүмкін екенін, оған алыс туыстарының бірі айтыпты. Қазіргі таңда бұл ақпаратты құқық қорғаушы органдар тексеріп жатыр. Әзірге АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі де балалардың түпкі тегі қазақстандық екені жайлы нақты ақпарат бермеді.

Жергілікті KIRO7 телеарнасы Тори Карлсон есімді көз жұмған баланың суретін жариялаған. Суретте оның бет-әлпеті азияық екені байқалады.

victim1_1456616605420_2655878_ver1.0_640_360

Ақпарат құралдарының мәліметінше жасөспірім Bremerton’s Olympic College кулинариялық колледжінде оқыған. Полиция 16 жастағы Куин мен 18 жастағы Тори Карлсонды өлтірген болуы мүмкін деген күдіктінің есімін жариялаған: ол 51 жастағы Дэвид Уэйн есімді азамат.

Талқылау